banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Оқушының жетісігі

   Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Құндыз Манарбекова олимпиада жеңімпазы аттанды. Математика пәні бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырған «Абай сыйы» республикалық олимпиадасының І кезеңі наурыз айының 20-31-і аралығында онлайн түрінде 85% ұпай жинап, ІІ кезеңге жолдама алды. ІІ кезеңі сәуір айының 7-і күні Университет базасында өтті. Олимпиадаға облыстар бойынша 54 оқушы қатысты. Осы дода оқушымыз Құндыз Манарбекова ІІ орынды иеленді, сонымен бірге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 50%-дық оқуына жеңілдік сертификатын ұтып алды.

   Бала бойындағы ерекше қабілетті танып, соған байланысты жүйелі жұмыстар жүргізген, сонымен бірге дарынды оқушыларды тәрбиелеуде жауаптылық танытып, ерінбей еңбек еткен жеңімпаз оқушының жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Гүлзипа Смағұлқызы Өмержановаға шығармашылық табыс тілейміз және айтар алғысымыз шексіз.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz