banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері» тақырыбында пән мұғалімдерінің онлайн семинары

    2021 жылдың 10-11-ші қараша күндері аралығында Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері» тақырыбында пән мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.

   Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы барлық мектептерден 216 пәндерден сабақ беретін мұғалімдер семинарға қатысты.

   Мұғалімдерінің мектепішілік пен аудандық шығармашылық тобы құрылды. Жалпы орта білім беру мектебінің шығармашылық топтары талқылауға арналған сұрақтар төңірегінде өзара ой бөлісті.

   Білім беру бөлімінің әдіскерлері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова, Гүлжанар Қабдыкәкімқызы Кәрімова, Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина, Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова Білім және ғылым министрлігінің қаулылары мен бұйрықтары бойынша нұсқаулықтар ұсынды. Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын осы семинардан алды.Семинар әлі де жалғасады.

 

11 11 2021 2
11 11 2021 2

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz