banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына қатысушылар

    «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі мен Президенттік «Жас ұлан» жастар ұйымы 2021 жылдың 1-ші қарашасынан бастап «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонын өткізді.

   Баянауыл ауданына қарасты бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мектептерінен 2940 оқушы берілген сілтемеге тіркеліп, ұсынылған кітаптарын оқыды. «Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі мен Президенттік «Жас ұлан» жастар ұйымы осы марафонға белсене қатысқан оқушыларға «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонында электронды кітаптарды оқуды меңгере отырып, қоғамда кітап оқу үрдісін қалыптастыруға, «BookCrossing» кітап алмасу қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін «Сертификат», оқушылардың жетекшісіне «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына шәкірттерінің белсене қатысуына, жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыратын, рухани байлығын, өй-өрісін дамытатын , жоғары этетикалық талап-талғамын қалыптастыратын ең үлкен де ұлы тәрбие құралы жақсы кітаптарды оқып, оқушының шығармашылық шыңдалуы жолында тынбай еңбек етіп, жетекшілік еткені үшін «Алғыс хат» табыстады.

   «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын дамытуға қосқан аз да болса оқушылардың үлесі зор. Кітап оқудан жалықпай, ой-өрісімізді кітаппен дамыта берейік.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz