banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Баянауыл ауданына қарасты білім беру бөлімінің басшыларымен кеңес отырысы өтті.

    2021 жылғы 6 желтоқсан күні Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің мекеме басшыларымен кеңес отырысы өтті. Кеңеске аудан әкімінің орынбасары Қ.Тәліпов қатысты.

   Кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбындағы баяндаманы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Нұртаева хабарлады. «2020-2021 оқу жылында «Білім алушылардың жетістігін бағалау мониторингі» тақырыбында баяндаманы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Нұртаева мен Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры Дүйсенбек Төлеутаев баяндады.

   «Дарынды балалармен жұмыс бойынша өткен олимпиада, сайыстардың көрсеткіштері» тақырыбында баяндаманы білім беру бөлімінің әдіскері Данияр Аюпов хабарлады.

   Әр түрлі мәселелерде білім беру бөлімінің басшысы Мереке Әбдікәрімов тоқталып өтті. Өздеріне қажетті сұрақтардың жауаптарын алды.

 

06 12 2021 1 06 12 2021 2

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz