banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

XXII аудандық спартакиада.

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай XXII аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен педагог қызметкерлер арасында волейбол, шахмат , тоғызқұмалақ жарысы өтті.

   Санитарлық нормалар сақталынып, арнайы бетперделермен, ара қашықтықты сақтай отырып , талапқа сай өткізілді. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қ.Х.Талипов сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа қатысушыларға арнап З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Нуралиева Данараның орындауында «Елбасым» әні орындалды. Жарысқа 10 команда қатысты: М.Әуезов , З.Ақышев, Ш.Шокин,Ш.Айманов,Қ.Сәтбаев, Шадыра, Д.Рахметов,С.Торайғыров, Сұлужон,Лекер құрама командаларының спортшылары. Тартысты бәсекеде барлық ойыншылар өз шеберліктерін көрсете білді.

 

Жарыстың қорытындысы бойынша:

Шахмат ( ерлер)

І орын: Нухин Куаныш. Қ.Сәтбаев ат.ЖОББМ ІІ орын:Мырзабаев Бекмухамат-Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектеп. ІІІ орын:Алғамбаров Жандос- М.Әуезов ат ЖОББМ.

Шахмат ( әйелдер)

І орын: Садыкова Динара-Лекер жалпы негізгі білім беру мектеп. ІІ орын:Бодаубек Айдана- М.Әуезоват ЖОББМ. ІІІ орын:Зарыхххан Гүлнар – Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты

Тоғызқұмалақ ( ерлер)

І орын: Байшүкір Дархан- С.Торайғыров ат ЖОББМ. ІІ орын: Шомаков Абылайхан - З.Ақышев ат.ЖОББМ ІІІ орын:Шаймардан Ержан - Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты

Тоғызқұмалақ (әйелдер)

І орын: Туякаева Женисгуль-Ш.Шокин ат. ЖОББМ ІІ орын: Есенжолова Жаңыл – Д.Рахметов ат ЖОББМ ІІІ орын: Серікхан Жансая- М.Әуезов ат. ЖОББМ.

Волейбол ( ерлер)

І орын: Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты. ІІ орын: Шадыра ЖОББМ ІІІ орын: Қ.Сәтбаев ат.ЖОББМ.

Волейбол ( әйелдер)

І орын: М.Әуезов ат. ЖОББМ. ІІ орын: Ш.Шокин ат. ЖОББМ ІІІ орын: Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты.

   Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып ,ақшалай сыйлықтарға ие болды. Баянауыл аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнагүл Жанатқызы Ныгметова.

 

03 12 2021 1 03 12 2021 2
03 12 2021 4

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz