banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастыру негізі» тақырыбында аймақтық семинар.

2022 жылғы 16 наурыз күні Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастыру негізі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинардың мақсаты: сабақ барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өзара тәжірибе алмасу.

Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.З. Нұртаева мен мекеме басшысы М.Т.Қожанов семинардың ашылуы және бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласының «Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының» басшысы Е.Қалихан құттықтау сөз сөйлеп, мектепке сыйға кітаптар табыстады.

Семинарды Екібастұз қаласының «Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының» ұстаздары тәжірибе алмасу сабақтарымен бастады. Мектеп басшысы Е.Қалихан, басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Т.М.Жапарова, информатика пәнінің мұғалімі Р.А.Әбжаппаров, басшының бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Ә.С.Сыздықова өз ойларымен бөлісті. Мектептегі тәжірибе алмасу сабақтары төрт бірлестік тобы және кітапхана жұмысымен жалғасты. Аудан бойынша 41 мұғалім семинарға қатысты.

Бастауыш әдістемелік бірлестігінің ұстаздары 1-сыныптың бастауыш мұғалімі М.К.Әйтімова, 4-сыныптың бастауыш мұғалімдері А.Т. Мықраева, Ш.С.Санғожина, М.Қ.Махамбетова математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу сабағында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру тапсырмаларынан сабақтың әдіс-тәсілдерінің элементтерін көрсетті. Сонымен бірге, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Б.П.Сүлейменов шебер сынып сабағын берді.

Тілдер әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері С.Х.Байсеитова, Ш.Т.Жақыпова, Ж.Х.Қорабаева, А.Н.Жапанова, Н.С.Қалыбекова, Ж.К.Каликова, А.С.Қалиева Ы.Алтынсариннің шығармалары арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері бойынша «PISA тапсырмаларын орындау», орыс тілі пәнінен «Проталинки», «Кубик» тәсілдерімен жұмыс жасатты. Ағылшын тілі пәні бойынша мәтінді меңгертуде шағын көрініс көрсетілді .

Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері Н.Р.Құлқашев, Қ.Н.Манапова, Л.З.Смағұлова, Б.Төлеубаева, А.М.Мықраева, С.З.Қошланова география, физика, химия, биология, информатика сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытудың жаңа әдістерімен тәжірибе бөлісті

Мектеп кітапханашысы Д.О.Мұқатова Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Ұлтына ұлағат қалдырған» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен «Коллаж әңгіме» әдісі арқылы заманауи кітаптарды қолданудың тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Амандық Сапа «Сақина», «Пирамида сатысы», №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Сәуле Сүіпбергенова « Лото», « Ақын мен жазушы» әдістерімен тәжірибе алмасты. Оқушылар тәжірибеге белсене қатысты.

Мектеп психологі Б.Ж.Сәлімова мен әлеуметтік педагог Р.Р.Төлегенова келген ұстаздармен «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» психологиялық тренингін өткізді.

9-10-сыныптың оқушыларымен М.Т.Кожанов, Г.С.Санғожина «Математикалық мәре» ойыны арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын креативті дамыту мақсатында қызықты тәжірибесімен алмасты.

С.Р.Ермекова «Дене шынықтыру сабағында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану»тақырыбында презентациясын ұсынды.

Семинардың соңында келген ұстаздармен мектеп тренерлері Н.Р. Құлқашев пен З.Х.Батабаева «Қызық екен» интеллектуалды заманауи телебағдарламасын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Тәжірибе алмасу семинары өз мәресіне жетті.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz