banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

     

2022 жылғы 22 сәуір күні Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.

         Семинардың мақсаты: оқыту тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде саралау, бақылау, кері байланысты тиімді жүзеге асыруда пән мұғалімдерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру.

         Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы аймақтық мектептерден пәндерден сабақ беретін 42 мұғалім және білім беру бөлімінің әдіскерлері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова, Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова, Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина, Мәншүк Тынысқызы Шумақова семинарға қатысты.

7 «А» сыныпта «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау» тақырыбында №9 зертханалық жұмысты физика пәнінің мұғалімі Алмас Дәулетханұлы Жәкітов ашық сабақ өткізді. Алмас Дәулетханұлының сабағының ерекшелігі әрбір оқушының жеке жұмыс жасауына және әр оқушының сабақта жауап беруіне жағдай жасағаны.

         5 «А» сыныпта Нұрдәулет Ақыштың «Нағыз әже қайда?», Әжеге барайық» тақырыбында Ғалия Тоқбайқызы Сәкенова ашық сабақ өткізді. Ғалия Тоқбайқызы қарт әжелеріміздің бұрынғы киген ұлттық киімдеріне ерекше назар аударған. Сабақта қолданған әрбір көрнекілігі ұлттық нақыштармен безендірілген.

         3 «А» сыныпта «Анимация және ауысу» тақырыбында Самалгүл Талқайратқызы Әбдікәрімова үштілде бастауыш сыныпта ашық сабақты   қызықты өткізді. Оқушылар «Өткенше жаңбыр» тақырыбында компьютермен практикалық жұмысты өте жақсы жасады.

         2 «Ә» сыныпта «Сын есім» тақырыбында Альмира Қажыбайқызы Ахметова ашық сабақ өткізді. Заманауи талаптарға сай көрнекіліктерді сабақта тиімді қолдана білді.

       «Сабақта функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары»» тақырыбында келген мұғалімдерге Павлодар педагогикалық шеберлік орталығының тренері Айман Рахымжанқызы Ибраева коучинг ұйымдастырды. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, мұғалімдерге тиімді жеткізіп берді.

       Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар өздеріне қажетті ақпараттарды семинардан алды.Семинар әлі де жалғасады.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz