banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Үздіксіз өзгеріске бейімделген оқу мен тәрбие үдерісі

   10-ақпан күні З.Ақышев ЖОББМ – нің базасында "Үздіксіз өзгеріске бейімделген оқу мен тәрбие үдерісі" атты аудан мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіптік құзыреттіліктерін үздіксіз арттыру бағытындағы тәжірибе алмасу. Семинар жұмысына "Өрлеу" БАҰО-ның аға оқытушылары Алем Жакеновна Несипбаева, Өміргүл Ертісхан; Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Айман Рахимжановна Ибраева қатысты. Сонымен қатар Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің басшысы Гульнази Зейноллаевна Нуртаева және әдіскерлер Айгуль Ырсымбековна, Мәншүк Тынысовна Шумакова, Гульмира Кабдулмулюковна Кошанова, аудан мектептерінен 69 мұғалім қатысты.

   Семинар 4 бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде "Өрлеу" БАҰО-ның аға оқытушылары А.Несипбаева, Ө.Ертісхан және "ПШО" тренері А.Ибраева сабақты зерттеу тұрғысында интерактивті дәрістер өткізді. Екінші бөлімде бастауыш сынып мұғалімі М.Омарова 4-сыныпта "Пайыздар", қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Сагындыкова 10-сыныпта "Көшпелі алтын" әңгіменің сюжеттік-композициялық ерекшеліктері, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Солтаналина 9-сыныпта "Прекрасная должность - быть на Земле человеком!", физика мұғалімі Э.Мукашева 7-сыныпта "Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу.", химия мұғалімі Б.Маненова мен биология мұғалімі А.Кенжебалина 11-сыныпта "Күкіртсутек және сульфидтер" тақырыптарында тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді. Үшінші бөлімде шеберлік сағаттары өткізілді. Информатика мұғалімі Г.Жангельдина мен ағылшын тілі мұғалімі М.Смагулов "It's time to ICT - Время информатики - Заман АКТ ағымында", қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Б.Жумабекова мен Д.Сагинаева "Толық адам" бейнесін ашу арқылы сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер", кітапханашы Ж.Бекмаганбетова "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыруда оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттырудағы әдіс-тәсілдердің ықпалы", бастауыш сынып мұғалімдері А.Шахметова мен А.Какабаева "Нәтижеге бағытталған үштік одақ: "Сенімен болашақ", тарих мұғалімі Е.Тусупбаев "Ұлттық таным: жеті қазына" тақырыптарында өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Л.Абишева мен Р.Ермекбаева "Мектеп оқушыларының басқарушылық қабілетінің артқаны дұрыс деп есептейді." тақырыбында аудандық дебат турнирін ұйымдастырды. Дебатты төрешілік етуге республикалық "Ақиқат" дебат клубынан Муканова Аяулым арнайы шақырылды. А.Муканова дебаттық қозғалысты тиімді іске асыру жолындағы тәжірибесінен бөлісіп өтті. Тәжірибе алмасу сабақтары мен шеберлік сағаттарында мектеп мұғалімдері заманауи тиімді тәсілдерді сәтті пайдаланды. Цифрлық құралдарды пайдаланудың оқытудағы белсенді әдістердің көрсете алды. Е.Тусупбаев ұйымдастырған "Ұлттық таным: жеті қазына" шеберлік сағатына арнайы қонақ ретінде Бақытжан сері Зекенұлы шақырылды. Оқушылар мен іс-шараға қатысқан аудан мұғалімдері құмай тазы мен қыран бүркіттен басталған жеті қазынаның барлық түрін көзбен көріп, қолмен ұстап, ауқымды мағлұматтарды қоржынына салды. Семинар жұмысының төртінші бөлімінде басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Шомаков пен тарих мұғалімі А.Нурсеитова ауданның барлық ұстаздарымен "Креатив-баттл" тақырыбында креативті алаң өткізді. Қатысушылар креативтіліктің жаңа қырынан түрлі тәсілдермен таныса алды. Тапсырмалар мен сұрақтарды барлық ұстаздар зор қызығушылықпен орындады. Семинар білім бөлімі және "Өрлеу" БАҰО, ПШО мамандары тарапынан кері байланыс арқылы қорытындыланды. Семинар жұмысын жүргізген барлық ұстаздарға "Өрлеу" БАҰО мен Педагогикалық шеберлік орталығының сертификаттары берілді.

13 02 2023 1

 

13 02 2023 1

 

13 02 2023 1

 

13 02 2023 1

 

13 02 2023 1

 

13 02 2023 1

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz