banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«STEAM - білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өтті

2023 жылдың 3 наурыз күні Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде «STEAM - білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өтті. Қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес заманауи инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үрдісіне тиімді қолдану, оқушының қажымас ізденімпаздылығы мен шығармашылық жемісін талап ету мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысына аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, жалпы білім беру мектептердің ағылшын тілі, физика, математика, биология, география пәндерінің мұғалімдері қатысты. Аталмыш семинардың бастауы тіркеу бөлімінен басталды. «3D қағазды модельдеу» шебер сағатын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеңісгүл Егеубайқызы Туяқаева жалғастырды. Әрі қарай семинарды мектеп басшысының міндетін атқарушысы Мəдина Сағидоллақызы Сұңқарбекова ашты. Семинардың ашылуынан соң, пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Физика пәнінің мұғалімі Дана Сəбитқызы Іңірбай 10-сыныпта «Конденсаторлар», «Jamboard», «Kahoot» платформалары тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Айя Əмірханқызы Ермекова, Эльмира Талғатбекқызы Солтанова 5-сыныптарда «The gallery of fairy tales» ертегілік қойылым қойды. География пәнінің мұғалімі Раушангүл Төлегенқызы Исмағамбетова мен биология пәнінің мұғалімі Əсел Миронқызы Қабытаева « PISA тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың функцияналдық граматикасын жетілдіру» тақырыбында шебер сағат өткізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Əсел Абдулхамитқызы Маненова 6-сыныпта «Books and writers. Talking about writers and their books» тақырыбында «Flippity net», «Baamboozle» платформалары арқылы, математика пәнінің мұғалімі Мəдина Сағидоллақызы Сұңқарбекова 6-сыныпта «Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі » тақырыбында «Learning apps», «Word wall» платформалары арқылы ашық сабақ өткізді. Бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Қайырболатқызы Сексенбаева 4-сыныпта әкелер мектебінің «Болашақ уақыт көлігі» атты ашық тəрбие сабақ өткізді. Семинар соңында мектеп ұжымының ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламасы мен кері байланыс ретінде мектеп психологі Әмина Мұратбекқызы Әлкенова тренинг жүргізді. Тəжірибе алмасқан пəн мұғалімдеріне Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің басшысы М.Əбдікəрімовтың сертификатымен марапатталды. Семинарға қатысқан мұғалімдермен кері байланыс пен ұсыныстар жасалды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz