banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Тартымды жарыс

   28-ші наурыз күні Баянауыл ауданы білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, Астана қаласына -20 жыл, Павлодар облысына - 80 жыл, Баянауыл ауданына - 90 жыл толуына орай Баянауыл ауданының білім беру ұйымдарының арасында асық атудан, шахмат (ерлер, әйелдер), волейбол (ерлер, әйелдер) спорт түрлерінен жарыс өтті. Жарысқа 15 мектептен 210 ұстаз қатысты.

    Жарыстың мақсаты жастардың бойына азаматтылықты, патриотизмді дамытып, рухани адамгершілік пен рухани құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық ойындарды дәріптеу, ұстаздардың спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

   Шара барасында аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Нығметова Айнагүл Жанатқызы құттықтау сөзін сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, жарқын да, қызықты ойын болуына тілегін білдірді.

   Жарыс қортындысы бойынша:

Асық ату: І орын – Төлеубаев Еркеш, Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ; ІІ орын – Адабеков Ербол, К.Кеменгеров атындағы ЖОББМ; ІІІ орын – Елубаев Бауыржан, Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ;

Бес асық: І орын – Рымтаева, Айткүл Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты; ІІ орын – Абусейтова Айгүл, С.Торайғыров атындағы ЖОББМ; ІІІ орын – Сагындыкова Аяужан, З.Ақышев атындағы ЖОББМ;

Шахмат (ерлер): І орын – Сатжанов Тұрсын, З.Ақышев атындағы ЖОББМ; ІІ орын – Шаймардан Ержан, Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты; ІІІ орын – Садықов Қанат, Лекер негізгі білім беру мектебі;

Шахмат ( әйелдер): І орын – Сағынтаева Шолпан – Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ; ІІ орын – Садықова Динара, Лекер негізгі білім беру мектебі; ІІІ орын – Ахметова Ляйла, Б.Хайдаров атындағы ЖОББМ;

Волейбол (ерлер): І орын – Ш.Айманов атындағымектеп-интернаты; ІІ орын – Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ; ІІІ орын – №2 Майқайың ЖОББМ;

Волейбол (әйелдер): І орын – Баянауыл құрама командасы; ІІ орын – №2 Майқайың ЖОББМ; ІІІ орын – Е.Бекмаханов атындағы ЖОББМ;

   Жарысты ұйымдастырушылар аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Ж.Нығметова және Ш.Айманов атындағы мектеп-интарнатының спорт нұсқаушысы А.Б.Салықов .

   Жеңімпаздарға грамоталар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Жарыс тартысты және қызықты өтті. Жеңімпаздарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz