banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Кітапханашылардың өзара тәжірибе алмасу семинары

    2018 жылғы 13 сәуір Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің кітапханасында «Рухани жаңғыру- білім саласының жаңа көкжиегі»тақырыбында аудандық семинар өтті. Өзара тәжірибе алмаса отырып, кітапхана саласында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы барлық мектептерден 24 кітапханашы семинарға қатысты.

   Семинарды мектеп кітапханашысы Гүлзайра Мұқатайқызы Сағынтаева өткізді. «Рухани жаңғыру» бағдараламсы аясында мектеп кітапханасында өткізілген іс-шаралардың жолдары мен тиімділігі туралы ақпарат жасады.8-сынып оқушысы Ислам Сапаш пен 9-сынып оқушылары Нәзгүл Сағынтай мен Ақкүміс Мұхамедхан «Баянаула елінің киелі орындары» тақырыбында тарихи-таным сағатын өткізді. Оқушылардың танымдық қабілеттері өте жоғары деңгейде болды. «Рухани жаңғыру ол...» тақырыбында постер қорғау барысында оқушылардың ұйымшылдығы байқалды. Берген тапсырмаларды уақыттылы аяқтады.

   «Астанаға тарту» флешмобын ұсынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәулегүл Бораншы оқушылармен өте тығыз байланыста болып, тәрбиені біліммен ұштастыра білді. «Туған жеріне не бересің?» тақырыбындағы шығармашылық жұмысқа 4-6-сынып оқушылары қатысты. «Тілек ағашы» әдісіне топтағы оқушылар жапыраққа өздерінің туған жерлерін көркейтуге қандай үлестерін қосатындығы туралы шағын эссе жазды. Гауһар оқушымыз Гүлзайра апай сияқты кітапханашы, Марғұлан оқушымыз әскери генерал боламын дейді. Технология пәнінің мұғалімі Роза Құрманқызы оқушылардың қолымен жасалған көрпешелерді сыйға берді. «Өнер әлемі» тақырыбындағы шебер сыныпта мектеп кітапханашысы Гүлзайра Мұқатайқызы жаңа әдістерді тиімді қолдана білді. «Баянаула елінің киелі орындары» тақырыбындағы балалар көзімен сурет байқауы осы семинардың қорытынды нүктесі болды. «Астанаға тарту» атты концерттік бағдарламаны музыка пәнінің мұғалімі Берікбол Муталиұлы семинарды аяқтады.

   «Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Мектеп директоры Жаннұр Манашқызы басқарып отырған ұжымға шығармашылық табыс тілейміз. Мақсаты айқын мазмұнды осындай семинарлар жас мамандарға өте қажет. Кітапханашылар көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын осы семинардан алды»,-дейді кітапхана ісі жөніндегі әдіскер.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz