Жаңалықтар
Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»
- Толығырақ
- Жарияланды 16.05.2018 08:48
Баянауыл ауданы 24 жалпы орта білім беру мектептерде 2018 жылғы 15 мамыр айында «Білімді ұлт –білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: ата-аналарды мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары,орта білім беру жүйесінің жетістіктері туралы хабардар ету және мектепті басқаруда педагогтар мен ата-аналардың күш –жігерлерін біріктіру.Бұл жиналыс «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтізілді және 15-мамыр Халықаралық отбасы күніне арналды.
Ата-аналар жиналысындағы күн тәртібінің бір тарауы осы тәрбие бағытына арналды.
Тақырыбы:Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру. Жиналысқа мектеп әкімшілігі,ата-аналар,жергілікті және атқарушы органдардың өкілдері қатысты.Жалпы 4724 ата-аналар қатысты.Ата-аналардың 100% келуін қамтамасыз етілді. Жергілікті және атқарушы органдардың өкілдері ата-аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне қатысты және сұрақтарға толық жауап берді.
Ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өткізілді.