«Лекер жалпы негізгі білім беру метебі»КММ «Бөбек» шағын орталығы бойынша ұйымдастырылған консультациялық пункт туралы ақпарат
Консультациялық пунк шағын орталық пен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға( заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар мектебіміздің басқа мамандары
( психолог және медбике ) ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін тәрбиешілер, психолгтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беру, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Негізгі міндеттері: -мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты даму мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;- ата-аналарға (заңды өкілдерге) мектепке даярлық тобына қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;-ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;- мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;-мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбилеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;-тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасына тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық орнату, ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында КММ «Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің «Бөбек» шағын орталығында ата-аналарға тегін кеңес беретін ата-аналарға арналған ақыл кеңес беру пункті жұмысын жасайды.Үйде отырған тәрбиеленушілер жоқ, шағын орталықта 9 тәрбиеленуші бар.
Ата-аналарға арналған консультациялық пункті ұйымдастырудың формалары: жеке және топтық түрде жүргізіліп, педагогикалық, медициналық -сауықтыру, психологиялық бағыттырын қамтиды.
Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз. .
Консультациялық пунктке жазылу телефоны: 8 71840 9-06-96