banner1
banner2
banner3

Дәуір дүлділі – Бұхар жырау

   Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінде 2017 жылдың 22 қарашасында Бұқар бабамызға арналған аудандық «VІІ Бұқар жырау оқулары» өтті. Оқуларға өңіріміздің 13 мектебінің 37 оқушы мен ұстаз қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша "Дәуір дүлділі" секциясында бас жүлдені Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 8-сынып оқушысы Дария Үкібай, «Ұлы тұлғалар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды» секциясында - Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Шолпан Алданыш, «Алтын тұғырлы асыл сөз» секциясында - М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Сымбат Мұратова, «Өнерлінің өрісі кең» секциясында - Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 10-сынып оқушысы Роза Қали иеленді.

   Мектептерден келген ұстаздармен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – педагогикалық үрдістің негізі» тақырыбында Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің жетекші тренерлері коучинг өткізді. Сайыс қатысушылары мен қонақтарына мектептің «Қызғалдақ», «Гүлдер-ай» би топтары, Қарағанды «Тәттімбет өнер колледжінің» студенттері Рүстем Қаражанов пен Викторова Шырайлым өз өнерлерін ұсынды. Жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz