banner1
banner2
banner3

«Денсаулық фестивалі-2018» акциясы бойынша , «Салауатты өмір салтын қолдаймыз»

    Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 8 қыркүйек күні сағат 10.00 де «Денсаулық фестивалі-2018» жыл акциясы өтті. Онда он түрлі жарыс түрі болды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Н.Нуриденованың құттықтау сөзінен кейін сыныптар бойынша жарыс басталып кетті. 500,1000,1500 метр арақашықтыққа жүгіруден ұлдардан 1500 метрден 1-орынды 9-сынып оқушысы Тәңірберген Ғалымжан, 2- орынды Мынтай Нұртілек, 3- орынды Саяқ Али , қыздардан 1-орынды 10-сынып оқушысы Игнатова Алина, 2-орынды Мұсабек Мөлдір, 3-орынды 9-сынып оқушысы Мынтай Ділдә иеленді.

   «Шалқалап жатып денені көтеруден» қыздар арасында 1-орынды 8-сынып оқушысы Тураналина Лаура, 2-орынды Төлеубай Мадина, 3-орынды Мұсабек Мөлдір иеленді. Бастауыш сыныптар арасында 1-орынды 1,2-сынып оқушылары апалы-сіңілі Туранәлі Балауса мен Айзада, 2-орынды 5-сынып оқушысы Мұратова Перизат, 3-орынды 3-сынып оқушысы Мадина Жансезім иеленді. Кермеден тартылу жарысынан 1-орынды 9-сынып оқушысы Тәңірберген Ғалымжан , 2-орынды 7-сынып оқушысы Мұсабек Назарбек, 3-орынды 10 сынып оқушысы Төлеубай Қазбек иеленді. Осындай жоғары жетістіктермен «Денсаулық фестивалі-2018» өз мәресіне жетті.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz