banner1
banner2
banner3

Аймақтық семинар өтті

    Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінде «Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» тақырыбында аймақтық семинар өтті.

   Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Семинарға аудандық білім бөлімнің әдіскерлері және аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, математика, география, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, тәлімгерлер қатысты.

   Бастауыш сынып мұғалімі Гүлім Дәуітжанқызы Серікбаева 2-сыныпта математика пәнінен «Үш-үштен комбинациялар нұсқасы», Меруерт Шалабайқызы Молдашбекова дүниетану пәнінен «Менің отбасымның рухани құндылықтары», математика пәнінің мұғалімі Гүлдана Бауыржанқызы Құрманаева 5-сыныпта «Алгебралық өрнектерді пайдалану», өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Төлеуғали Зекебайұлы Солтанбай 9-сыныпта «Адалдық-адамгершілік белгісі», химия пәнінің мұғалімі Шынар Мұқатайқызы Еңсебаева 8-сыныпта «Оттегі және озон», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалиқызы Еңсебаева 6-сыныпта «Қазақтың үш биі», география пәнінің мұғалімі Ерназар Ермекбайұлы Серғазин география пәнінен 8-сыныпта «Су апаттары», Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Құдайберген Ермекбайұлы Серғазин 3-сыныпта «Қозғалмалы ұлттық ойындар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

   Мектеп кітапханашысы Әсем Қанатқызы Жүсіпбаева «Мектеп кітапханасы қызметіндегі заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар-тренинг, «Кітаптарға арналған бетбелгі» тақырыбында шебер сағат және кітап инсталляциясының тұсаукесерін өте жоғары деңгейде ұйымдастырды.

   Семинарға қатысушылар «Рухани жаңғыру» тақырыбына ұйымдастырылған ұлттық қолөнер көрмесін тамашалады. Көрмеге ұлттық ою-өрнектермен жасалған қолданбалы тұрмыстық заттар мен ағаштан ойылған қазақи бұйымдар қойылды.

   Үзілістерде мектеп психологі Нұргүл Қалиқызы Серғазина бастауыш сынып оқушыларымен «Ормандағы ағаштар» және «Кім жылдам?» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: балаларға қозғалу, демалуға мүмкіндік беру. Оқушылар тренингте қызығушылықпен, көтеріңкі көңіл-күймен қатысты.

   Семинардың жалғасы мектептің мәжіліс залында жерлесіміз Мұса Шорманұлының 200 жылдығына орай және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде мектеп кітапханашысы Әсем Қанатқызы Жүсіпбаеваның ұйымдастыруымен «Мұса Шорманұлы-өз заманының заңғары» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Шараға ардагер ұстаз,ақын, жазушы Зекебай Солтанбайұлы мен жуырда ғана тұсауы кесілген «Мұса Шорманұлы» атты кітаптың авторы ақын, ұстаз Төлеш Қабиденұлы Сембеков арнайы шақырылды. Шарада Мұса Шорманұлының өмір тарихы жайлы тарих пәнінің мұғалімі Қанат Жұмашұлы Сарыбаев баяндама жасады. Ардагер ұстаз Мұса Шорманұлы жайлы оқушыларға мағлұмат берді. Оқушылар авторға кітап мазмұны жайлы сұрақтар қойды. Оқушылар Мұса Шорманұлы жайлы өлеңдерді жатқа мәнерлеп оқыды. Мұса Шорманұлы жайлы деректерден фотокөрме ұйымдастырылды.

   Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ырысты Жақсыбайқызы Махатова «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде «Атбегілік-ата кәсіп» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, қазақтың ұлттық ата кәсібі атбегілік өнерінің қыр-сырымен таныстырылды. Шара барысында аттың құлағында ойнайтын болашақ атбегілер жылқы туралы өз білімдерін ортаға салды. 6-сынып оқушысы Мейрамбек Әліпбек «Тұлпарым» әнін және 3-сынып оқушысы Санжар Жанатұлы «Елбасы-ел мақтаны» әндерін нақышына келтіре орындады.

   Семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz