banner1
banner2
banner3

«Жыл тәлімгері - 2019» сайысы

    Баянауыл ауданы бойынша «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар қозғалысын дамыту және аға тәлімгердің рөлін арттыруға, тәжірбие бөлісуге бағытталған "Жыл тәлімгері-2019" аудандық сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін аға тәлімгерлерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.

   Сайысқа жалпы орта білім беру мектептерінің 11 аға тәлімгері қатысты. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Бірінші "Өзін-өзі таныстыру" бөлімінде үміткерлер өзін-өзі таныстыруды көздейді. Екінші "Балалар ұжымымен жұмыс" бөлімі жұмыс тәжірибесінен тәлімгерлерге шебер сағат өткізуді көздейді. Міндет-балалар тобында эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынасты құру, реттеу және қолдау, әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу үшін топтың барлық мүшелерінің күш-жігерін біріктіру іскерлігін көрсету. Үшінші "Қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғау" бөлімі қатысушы жұмыс істейтін қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғауды көздейді.

   Үш кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік деген аға тәлімгерлер І, ІІ орын дипломдарымен және арнайы номинациялармен марапатталды. І дәрежелі дипломымен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының аға тәлімгері Айнагүл Қалымбекқызы Жүсіпбаева, ІІ дәрежелі дипломмен С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері Айтолқын Сайлау марапатталды. «Талантты тәлімгер» номинациясымен Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері Мирагүл Бекмағанбетова, «Шығармашыл тәлімгер» номинациясымен Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері Жұмагүл Жақанова, «Үздік тәжірибе» номинациясымен Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері Еркежан Оспанова марапатталды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz