banner1
banner2
banner3

Облыстық «Ақберен» байқауының жеңімпаздары

   2019 жылғы 15 қаңтар облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Оған 10 аудан, үш қала және мамандандырылған мектептерден 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Баянауыл ауданынан 5 оқушы қатысты. Оның ішінде 2 оқушы оза шықты. Жас өрендер «Шешендік өнер», «Көркем сөз оқу», «Шығарма жазу», «Ақындар мүшәйрасы», «Ақындар айтысы» және «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында сынға түсті.

   «Шешендік өнер» бағыты бойынша З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айдана Мүбәрак пен «Ақындар айтысы» бағыты бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Азамат Базарбай I дәрежелі дипломмен, ал «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша №1 Майқайын жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ақерке Дәулетбек ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   І дәрежелі дипломға ие болған екі оқушы 2019 жылғы сәуір айында өткізілетін республикалық «Ақберен» байқауына жолдама алды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz