banner1
banner2
banner3

«Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» атты облыстық семинар

    2019 жылғы 23 қаңтар күні №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру мазмұны: инновациялар мен үрдістер» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар жұмысына Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы, пилоттық және жетекші мектептер директорлары, ПШО тренерлері, тәжірибеден өтіп жүрген жалпы саны 86 мұғалім қатысты.

   Семинарда №1 Майқайың ЖОББМ-ның білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындылары шығарылды. «Математика мен информатикадан кіріктірілген сабақ «Логикалық есептер» тақырыбында Г.Т.Сүлейменова мен Ж.Б.Әлібекова, ағылшын тілінен командалық сабақ «Seasons and weather» тақырыбында С.Қ.Торсықпаева мен Г.Е.Әбенова,дүниетану мен музыкадан кіріктірілген сабақ «Күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер» тақырыбында А.М.Оразбаева мен А.А.Омарова, әдебиеттік оқу мен көркем еңбектен кіріктірілген сабақ «Қыс бейнесі» тақырыбында А.А.Арынжанова мен Д.С.Шапиев, денешынықтыру пәнінен командалық сабақ «Гимнастикалық құралдарға бағытталған тапсырмалар» тақырыбында Е.Е.Байқадамов пен Б.Х.Сыздықова тәжірибе алмасты. Мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарламалар аясында жаңа амалдарды қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Жеке пәндер бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді әдістеріне баса назар аударылды.

   Семинар аясында «Жас дарын» мектебі директорының орынбасары Г.М. Белгібаева, №1 Майқайың ЖОМ директоры С.С.Мәжитова, №2 Майқайың ЖОМ директоры Е.С.Сүлейменов және Павлодар қаласының №8 лицей директорының орынбасары А.М. Осипенко НЗМ тәжірибесін трансляциялау бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

   Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері мектеп директорларының орынбасарларына арналған тренинг және шеберлік сағаттарын өткізді.

   Семинар соңында қорытындылар шығарылып, арнайы ұсыныстар қабылданды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz