«ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» аудандық семинар
С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Бастауыш сыныпты ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» атты аудандық семинар өтті. Семинарға аудан білім бөлімінің әдіскерлері және аудан мектептерінен 60 мұғалім қатысты. Семинардың мақсаты: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану, іс-тәжірибемен бөлісу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осыған орай, аудан көлемінде оқу жетістігін сырттай бағалауды дайындауда жаңа тиімді тәсілдерді екі тілде кеңінен қолдану мақсатында 4-сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінен П.К. Жұмабекова және дүниетану пәнінен О.Хаваатай «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбы негізінде оқыту мен оқудың заманауи әдістері «Тұжырымдамалық карта», «Эмоциялық график», «Маңыздылық аймағы», «Суретті инфографика», «Сандық деректер» перфокартасы және «Домино» ойынын тәжірибелерінде қолданды. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі О.М.Галюдкина « Организация эффективной работы по подготовке учащихся к ВОУД» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Даярлық сынып мұғалімі А.С. Қожабергенова сауат ашу пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында психологиялық ахуал тудыра отырып, «Микрофон мен телпек»ойыны, жұмбақ жасыру, құрастырудың түрлері ( дәнді-дақылдар, мата пішіндері), тіл артикуляциясы тәсілдері арқылы оқушының қызығушылығын оятып, қабілетін арттыратын, өз бетімен ізденісін жаттықтыратын тәсілдерді қолданды.
«Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешілері Ж.Б. Әбішева мен Б.С. Манапова еліміз Тәуелсіздікке қалай жетіп, егемен ел тарихын таныту мақсатында «Тәуелсіздік - қазынам» тәрбие сабағы өтті. Кішкентай бөбектер апайлардың сұрақтарына жауап беріп, патриоттық тақырыптағы өлеңдері мен билерін келген қонақтарға паш етті.
Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын пән ерекшеліктеріне сай қолдана білу- оқыту мақсатына мектеп тренелері «Оқушы жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім» тақырыбында коучинг сабағын өткізді. Мектеп психологі Ө.Т. Әбішева психологиялық ахуал тудырса, тарих пәнінің мұғалімі Б.Б. Ахметова «Сиқырлы қорапша» әдісі арқылы жағымсыз эмоцияларын, мінсіз мұғалім тұлғасына айналдырды. Физика пән мұғалімі Ә.Ш. Жәкенова «Екі жақты мозайка» әдісімен оқушы қырларын ретімен орналастыру арқылы семинар тақырыбын ашып берді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Е. Такишева «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында «оқы», «жап», «жаз» «айт» «тексер» сөйлеу стратегиясы арқылы мазмұнын жүйелі меңгерте отырып , нәтижеге жетті. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Б. Төремұратова «SMS стратегиясы арқылы» әр топқа сурет арқылы хабарлама жіберіп , сол суреттің мазмұнын жазу ұсынылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.К. Байшүкір коучинг семинарда қолданылған әдіс-тәсілдерді қорытындылай келе «Табыс» баспалдағы арқылы нәтижеге жеткен жолын айқындады.
Семинар барысында атқарылған жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз, тұлғаның сөздік қоры молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау қабілеті артады, ойын еркін айтады, белсенділігі артады, шығармашыл жұмыс істейді, қиялы ұшталады, тапқырлыққа үйренеді.
Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек.