banner1
banner2
banner3

«Театрдың ғажайып әлемі» Республикалық фестиваль-конкурсы облыстық кезеңінің жеңімпаздары

    2019 жылғы 27 ақпан күні М.М.Катаев атындағы «Оқушылар сарайы» базасында «Театрдың ғажайып әлемі» Республикалық фестиваль-конкурсы облыстық кезеңі өткізілді.

   Баянауыл ауданы бойынша байқауға Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары байқауға барды.

   Әдеби-музыкалық композициясы бойынша №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қойған Күләш Ахметованың «Жас баланың жанарына қараңдар» қойылымы III дәрежелі дипломмен марапатталды. Сахналық қойылымды Жансұлу Жарғалбек, Азамат Рамазанов, Жансая Төлегенова, Нұрсұлтан Байболат, Мәдина Амандыққызы жоғары деңгейде сомдап шықты. Оқушыларды қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұлдыз Дәулетбек.

   Қазылар алқасын әртістік шеберліктерімен таң қалдырған Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісі бойынша Байғали Есенәлиевтің «Ақ азу» қойылымын қойып, Бас жүлдені жеңіп алды. Республикалық фестиваль-конкурсына жолдама алды. «Екінші пландағы үздік рөл» номинациясымен Қарлыға Құсайын және «Үздік хореография» номинациясымен ұжым марапатталды. Сахналық қойылымды Мейіржан Баршынбаев, Абзал Олжатай, Қарлыға Құсайын, Біржан Оңалбай, Ермек Жұмабаев, Әділет Серікбай, Абылай Насреддин, Бернар Дәулетқали, Меруерт Нағымтаева, Сағыныш Сапарғалиева, Назерке Әбен, Болат Кашкеев, Ержан Жәкенов, Нұрерке Әбдікәрім, Алтын Ақылбек, Балжан Қамалиева өте жоғары деңгейде сомдап шықты. Оқушыларды қойылымға жоғары деңгейде дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Құзайырқызы Шитова.

   Республикалық фестиваль-конкурсына жолдама алған Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының жас актерлеріне сәттілік тілейміз. Биік белестерді бағындыра беріңіздер!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz