banner1
banner2
banner3

«X облыстық Махамбет оқуларының» жеңімпазы

    «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 27 ақпанда «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Х облыстық «Махамбет оқулары» өтті. Мақсаты: оқушылар арасында Махамбет Өтемісұлының шығармашылығын насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума таланттарын, табиғи дарындарын анықтау.

   Оқуларға жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінен 5-11-ші сыныптарының 53 оқушысы, қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары додаға түсті.

   Облыстық «Махамбет оқуларына» ақынның шығармаларын жақсы білетін, жан-жақты дарынды, поэзияны сүйетін, күйлерін нақышына келтіріп орындайтын, тақырыбына сай талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын қасиеті, әрі ақындық қабілеті бар оқушылар қатысты.

   Қазылар алқасының шешімі бойынша «Ұлы арман» (ән орындау) номинациясында Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев атындағы оқу-тәрбие кешенінің 9-сынып оқушысы Сержан Кеңес ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыны додаға дайындаған Қ.Сәтбаев атындағы оқу-тәрбие кешенінің музыка пәнінің мұғалімі Бақыт Кеңесұлы Қырықбаев.

   Ер мінезді, өжет жас ұрпақтарымыз асқақтай берсін!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz