banner1
banner2
banner3

«ХV аймақтық Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқулары»

    Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «ХV Мәшһүр Жүсіп оқулары» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

   «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген», «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы», «Білімді зерек адам болам! - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен», «Мәшһүр Жүсіп шығармалары және Ұлы даланың ұлы есімдері» мен «Жерімде жүрген-тұрған сөзім қалған...» сынды бес бағыттан тұрды.

   Конференцияның секцияларында Павлодар мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы, профессоры Серік Елікбай, ҚР мәдениет қайраткері Павлодар облысының тілдер және мәдениет бөлімінің басшысы Нұғыман Төлегенұлы, Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану ғылыми практикалық орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Ертай Жүсіпов, ҚР үздік өлкетанушысы, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, туризм жөнінде экскурсия нұсқаушысы Алтынбек Құрманов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұражайының директоры Қажымұқан Пазылов, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі Әсет Пазылов қазылық етті.

   Аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы бойынша «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» мүшәйра секциясында I орынды З.Ақышев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Адай Төлепберген, Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Нарғыз Қасым II орынды алса, ІІІ орын Ә.Марғұлан мектебінің 11-сынып оқушысы Шолпан Алданыш мен Д.Рахметов мектебінің оқушысы Қымбат Ырысқұловаға бұйырды. «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» секциясы бойынша I орынды Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Данабек Мұсайыпов, II орынды Шәкен Айманов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Диас Тұрсын, III орынды №2 Майқайың мектебінің оқушысы Аяна Тілеубергенова және Д.Рахметов атындағы мектептің оқушысы Алмас Сағынбек иеленді. «Білімді зерек адам болам - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» атты секцияда I орынды №1 Майқайың мектебінің оқушысы Ақерке Дәулетбек алса, ІІ орынды М.Ж.Көпеев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Күнсәуле Қазтаева иеленді. Екібастұз қаласындағы №18 мектебінің 10-сынып оқушысы Айкүміс Мұсайыпова III орынға тұрақтады. «Ұлы даланың есімдері» атты секцияда I орынға М.Ж.Көпеев атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Айғаным Айтмұхаметова, II орынға Екібастұз қаласындағы №18 мектебінің оқушысы Сәния Құдыш, III орынға Ш.Айманов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Сәния Ахат тұрақтады. «Жерімде жүрген-тұрған сөзім қалған...» ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу 2-4, 5-7-сынып оқушылары аралығында өтті. Бастауыш сыныптар арасында I орынды Ш.Айманов атындағы мектептен Мейіржан Баршынбаев, II орынды Ж.Аймауытов атындағы мектептен Айару Қалиасқар, III орынды М.Ж.Көпеев атындағы мектептің оқушысы Сабина Мұратова, №1 Майқайың мектебінен Ділнәз Мұратқызы, Шөптікөл мектебінен Талғат Серік, 5-7-сыныптар бойынша I орынды №2 Майқайын мектебінен Ренат Қайкенов, II орын №1 Майқайың мектебінен Ақнұр Қайырбек, III орынды Егіндібұлақ мектебінен Нарғыз Қабдолла мен Б.Хайдаров атындағы мектептің оқушысы Данагүл Бейсекей жеңіп алды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz