banner1
banner2
banner3

«Мұражай-тарих айнасы» облыстық семинар –практикум

   2019 жылдың 26 наурызында Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты ұжымы «Мұражай- тарих айнасы» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинардың мақсаты: мектеп мұражайының жұмысын көрсету, Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын қатысушыларға түсіндіру, талдау. Өлкеміздің тарихи – мәдени мұрасына тарту маңыздығын және өз Отанына деген мақтаныш пен құрмет сезімін ояту бойынша өткізіліп жатқан жұмыстарының маңыздылығы және өзектілігі жайында ой қалдыру.Семинарға Павлодар облыстық «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұражай бөлімінің бастығы Әлия Рахметжанқызы Жүнісова, Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гулнази Зейноллақызы Нұртаева, білім бөлімінің әдіскері Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина және аудан мектептерінен 24 мұғалім қатысты.

   Семинар бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша төрт бекетке бөлінді. «Мектеп мұражайы» бекетінде тарих пәнінің мұғалімі Е.Б. Рахимтаев мектеп мұражайының жұмысымен таныстырса, «Атқа міну мәдениеті» бекетінде физика пәнінің мұғалімі А.Д. Джакитов пен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Е. Сенбин ат әбзелдерімен таныстырып, атқа міну мәдениетінің қыр-сыры туралы түсіндірді. «Алтын адам», «Аң стилі» бекетінде технология пәні мұғалімдері Ж.А.Сабданбеков, Т.Қ.Икласов, К.Бопихан Алтын адамның шығу тарихымен, макетімен, оюлардың аң стиліндегі түрлерімен таныстырды. «Саятшылық» бекетінде тәрбие ісінің меңгерушісі Е.М. Саликова мен тарих пәнінің мұғалімі Е.А. Бахов саятшылық өнер туралы соның ішінде бүркітші Нұрмағамбет Нісіпұлы құстың әбзелдері, қалай баптау керек екені жөнінде мәлімет берсе, тазы иесі Мерхат Шайхысыламұлы «Тұйғын» атты тазысының 30 қоян, 10 түлкінің аулағаның айтып, тазының пайдасы туралы айтты. Семинар-практикумга қатысушылар соңында кері байланыс жасап, өз пікірлерімен бөлісіп, Қ. Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайға экскурсия жасады.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz