«Балдәурен-2019» аудандық фестиваль
2019 жылғы 19 сәуір күні №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің акт залында аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушылары арасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Атқа міну мәдениетіне» арналған «Балдәурен-2019» атты шығармашылық фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты: шығармашылық жұмысқа қабілетті дарынды оқушыларды анықтау.
Аудан бойынша 26 жалпы орта білім беру мектептерінен 100 оқушы сайысқа қатысты.
Фестиваль келесі бағыттар бойынша жұмыс жасады. Бірінші секция жұмысында шығарма жазу сайысы. Шығарма сайысы «Жылқы-малдың патшасы», «Ат-ер қанаты» тақырыптары бойынша өткізілді. Шығарма көлемі 1-1,5 бет болуы керек. Екінші секция жұмысында ғылыми зерттеу жүргізді. «Қазақ батырлары мінген арғымақтар» тақырыбында мәлімет жинауы қажет және дайындаған жұмыстарын қорғады. Үшінші секция жұмысында жас суретшілер «Менің жүйрік тұлпарым» тақырыбында сурет салып бақ сынасты. Оқушылар өздерімен бірге сурет салуға қажетті құралдарды және өздерінің қолдан жасаған жұмыстарын алып келді. Оқушылардың әкелген жұмыстарынан мектепте көрме ұйымдастырылды. Төртінші секцияда оқушылар «Алпамыс батыр», «Қобыланды», «Ер Тарғын», Махамбет Өтемісұлының өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Фестиваль қорытындысы бойынша оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.