«Үздік сабақ әзірлемесі» і облыстық конкурсының жеңімпаздары
2019 жылғы 26 сәуірде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің базасында «Үздік сабақ әзірлемесі» І облыстық конкурсы өтті. Конкурсқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 75 мұғалім қатысты. Баянауыл ауданы бойынша іштей турға қатысуға ағылшын тілінде сабақ беретін жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдердің 2 жұмысы, орыс тілінде оқытатын мектептерде «Қазақстан тарихы» пәнін қазақ тілінде оқытатын 1 мұғалімнің жұмысы жіберілді.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушыларынан, мектептердің тәжірибелі ұстаздарынан, Инновациялық орталық әдіскерлерінен құрылған қазылар алқасы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, номинанттарды анықтады. Конкурс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинанттар анықталды.
№2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Жақсылыққызы Рахимбекова мен физика пәнінің мұғалімі Құндыз Ғабдулрашитқызы Рахимжанова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Самал Елмұратқызы Кәрімова «Үздік SMART-сабақ» номинациясын иеленді.
Облыстық конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының сайтына орналастырылатын болады.