banner1
banner2
banner3

«Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс- шарасы туралы мәлімет

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша жазғы лагерьлерде Парасаттылық мектептерінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Парасаттылық мектептерінің бірыңғай күніне» сәйкес 2019 жылғы шілденің 25-і күні Баянауыл аудандық балалар жазғы сауықтыру лагерінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты іс-шара өткізілді.

   Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты – оқушылар арасындағы жүріс-тұрыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыруға бағытталған құқықтық және адамгершілік тәрбие, олардың оң моральдік сапасын дамыту, соның ішінде шынайылық пен мейірімділікті және әділеттілікті қалыптастыру екендігін ескеріп, лагерь ұжымы аталмыш іс-шараны сапалы, әрі әсерлі ұйымдастыра білді.

   Лагерь директоры Н.М.Сеитов кіріспе сөз сөйлеп, іс-шараны өзі жүргізіп отырды. Жалпы іс-шараға 35 лагерь демалушылары мен 10 мұғалім қатысты. Лагерьде оқушылардан жасақталған 4 топ: «Жұлдыз», «Нұрдәурен», «Сақтар» және «Айқанат» топтары жан-жақты жұмыс жасады. Іс-шара барысында топтар өздері жасаған плакаттарды қорғап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін және оған жол беруге болмайтындығын, еліміздегі сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою керектігін патриотизммен мәлімдеп шықты. Интерактивті тақта арқылы балаларға жемқорлыққа қарсы сюжеттік видео ролик көрсетілді және сұрақ-жауап алынды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz