banner1
banner2
banner3

Баянауыл аудандық «Балдәурен» жазғы-сауықтыру алаңында өткен қызықты демалыс күндері-ай!

   Баянауыл аудан әкімдігінің 2019 жылғы мамыр айының 16-сы күнгі №163/5 санды «Баянауыл ауданында жазғы маусымда Торайғыр ауылында аудандық «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңын ашу туралы» қаулысына сәйкес, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру және оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында 10.06–31.07.2019 ж. аралығында төрт кезең бойынша 140 бала «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңына қамтылып, тегін демалды. Баянауыл ауданының білім бөлімінің 04.06.2019 жылғы №219-Н бұйрығына сәйкес, аудандық «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының жұмысы арнайы бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Сауықтыру алаңына Баянауыл ауданының барлық ауылдарынан келген балалармен төмендегідей іс-шаралар атқарылды: «Кел, танысайық!», «Мен әншімін және бишімін», «Үздік макет», «Породия», «Жайдарман», «Үздік маска», «Ғажайып физика», «Қызықты химия», «Ойлан, тап!», «Қызықты суреттер», «Шебер қолдар», «Өлеңді мәнерлеп оқу», «Үздік шаш үлгісі», «Мэй кап», «Жаз аруы», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Ұлттар күні», «Тәлімгерлер бекеті», «Қазына», «Достық жәрмеңкесі», «Бақытты балалық шақ» сайыстары және футбол, волейбол, пионербол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, «Толағай» топаралық спорттық жарыстары мен ән-би кештері өткізілді.

   Балдәурен жазғы-сауықтыру алаңы «Ұлы даланың жеті қыры – рухани жаңғырудың айқын жолы» тақырыбы бойынша жұмыс атқара отырып, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мақсаттарын жүзеге асырды және сауықтыру алаңының демалушыларына «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы жібек жолы», «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны» туралы мәліметтер, Ертіс-Баян өңірінен шыққан ұлы тұлғалар туралы бейнероликтер көрсетіліп мол мағлұматтар берілді, киелі жерлер туралы танымдық сабақтар өткізілді және түрлі аңыз-әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, демалушыларға туристтік саяхаттар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, М.Ж.Көпеев кесенесі мен мұражайы, Қоңыр әулие үңгірі, Кемпіртас, Найзатас жартастары, Қ.Сәтбаев мұражайы, С.Торайғыров кесенесі мен мұражайы, Сақтардың тарихи орындары, Әулиебұлақ, Сарыадыр бұлақтары, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері мен орман-тауларға қызықты саяхаттар жасалды. Демалушы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлерімен су, өрт, техника, жол, орман-таулардағы қауіпсіздік туралы кездесулер өткізілді. Күн сайын қызықты кинолар мен мультфильмдер көрсетілді. Балалардың гигиеналық тазалығы үнемі қадағаланды және күніне бес мезгіл тамақтану режимі сақталды. Балаларды суицидтен сақтандыру мақсатында сауықтыру алаңының әкімшілігі мен медбикелер тарапынан күнделікті психологиялық әңгімелер мен өткен күнге кері байланыс жасалынып отырылды. Балалар күндіз де, түнде де дәрігерлік бақылауда болды.

   Қорыта айтқанда, «Балдәурен» жазғы-сауықтыру алаңында Баянауыл ауданының балалары демалып, сауығып қана қоймай, рухани-эстетикалық тәрбие де алды. Ең бастысы – балалар бір-бірімен дос болып, бірін-бірі қимай қоштасты. Аудандық жазғы-сауықтыру алаңы жұмысының өз деңгейінде ұйымдастырылуына қажетті қаржы және кұрал-жабдықтармен қамтып, балалардың демалуы үшін жағдай туғызған Баянауыл ауданының әкімі О.Ә.Қайыргелдиновке, аудандық білім бөлімінің басшысы А.М.Мүбәракқа және лагерь жұмысын сапалы ұйымдастыра білген жазғы-сауықтыру алаңының директоры Н.М.Сеитовке және балалармен күнделікті жұмыс атқарған тәлімгер-ұстаздарға оқушылар мен ата-аналар тарапынан мол алғыстар айтылуда. Демалуға келген әрбір бала «Балдәурен» жазғы-сауықтыру алаңындағы демалысы өзіне қатты ұнағанын, келесі жылы тағы да демалуға келетінін және керемет әсер алғанын айтып, қимастықпен қоштасты.

   Шіркін, Баянауыл аудандық «Балдәурен» жазғы-сауықтыру алаңында өткен қызықты демалыс күндері-ай!

 

 

«Балалар шығармашылық үйі» МКҚК

қосымша білім беру педагогы, «Балдәурен»

балалар жазғы-сауықтыру алаңының

аға тәлімгері : Е.С.Алсейтов

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz