banner1
banner2
banner3

«Баянауыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдық орынға ашық конкурс жариялайды: «Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Білім беру ұйымының орналасқан жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қ.Сәтбаев ауылы

 

Қызметтік міндеттері: Білім беру мекемесінің, оның жарғысымен нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес барлық қызметінің түрлері мен басшылық етеді. Оқу орнының кеңесімен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау, оқу жоспарларымен, оқу үрдісінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді бекітеді және әзірлеуін ұйымдастырады. Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітеді. Білімділік қызметті жүргізу құқығы бар лицензиясына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғауын қамтамасыз етеді. Бекітілген әкімшілік ауданының участкесінде балаларды жаппай міндетті оқумен қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің (педагогикалық) ұйымдардың және әдістемелік бірлестіктердің қызметіне көмектеседі, заңнамаға сәйкес қоғамдық, сонымен қатар жастар ұйымдарының қызметін реттейді. Оқу орнында қоғамдық тамақтану мен медициналық ұйымдарының жұмысы үшін қажетті жағдай жасайды және оқушылар, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулығын бекіту және қорғау мақсатында олардың жұмысын бақылайды. Оқу-тәрбие үрдісінің әдістемелік қамтамасыз етуін жетілдіреді және ұйымдастырады. Мекеменің қаражаты мен мүліктерін басқарып ұйымдастырады, құрылтайшылардың материалдық қаражаты, қаражат шығындары мен түсімдері туралы жылдық есебін беріп отырады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар санынан тәрбиеленушілердің заңдық мүдделері (жеке дара, мүлік, тұрғындық, еңбектік) мен құқықтарын қорғайды, олардың туыстарымен байланыста болуына жағдай жасауға іс-шаралар қолданады. Тәрбиеленушілер мен оқушыларды асырау мен тұру жағдайының белгіленген межеден төмен болмауын қамтамасыз етеді. Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базасын толықтыру мен сақтауын, есеп жүргізуін қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, санитарлық-гигиеналық нормасын, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын сақтауына жауапкершілік етеді.

            «Еңбек Кодексіне» сәйкес ішкі тәртіп ережелерін, қызметкерлердің қызметтік нұсқауларының біліктілік мінездемелерін педагог кадрлардың және қосалқы персоналдың іріктеуін және орнына қоюын іске асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді. Өзінің құзыретінің аясында еңбегімен аса көзге түскен мұғалімді және басқа да білім беру мекемелерінің қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға, сонымен бірге жаза белгілеуге ұсынады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру мекемесінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындау үшін, оқу-тәрбие үрдісі кезінде мектеп бітірушілердің сапасы мен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру қызметкерлерінің денсаулығы үшін, құқықтары мен бостандығын бұзғаны үшін жауапкершілік етеді. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (немесе оларды ауыстыратын) жұмыс үйлестіреді. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын ұсынады, қажетті есепті дайындауын және ұсынуын қамтамасыз етеді.

Қызметтік оклад көлемі: 118259 теңгеден 143810 теңгеге дейін.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының «Бала құқықтарын қорғау туралы», Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексі туралы» Заңы мен білім мекемелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер, педагогиканы, педагогикалық   психология, жас мөлшерлік физиология, мектеп гигиенасы, жаңа психологиялық-педагогикалық ғылым және тәжірибе жетістіктері, әлеуметтану, экономика және қаржылық жауапкершілік қызметін ұйымдастыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техника ережелері мен нормалары, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғану ережелері.

Қатысушыларға негізгі талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, соның ішінде басшылық лауазымда 1 жылдан кем емес, шағын жинақталған мектептерге педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді; жоғары немесе бірінші біліктілік санатының және (немесе) «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог- эксперт», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);

Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 21.02.2012 жылғы № 57 бұйрығы (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №510 бұйрығымен өзгерістер енгізілген)) негізінде өткізіледі.

Сұхбаттасуға кіргізілген үміткерлер Баянауыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінде конкурстық комиссиядан өтеді. Білім беруді басқару органы хабарлама жарияланған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:

- Білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
- жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
- білім туралы құжаттың көшірмесі;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
-кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
- ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
- біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі (бар болса);
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;
- сотты болмағандығы туралы анықтама;

- тестілеудан өткендігі туралы анықтама (бар болса);

- мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

            Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадрлық қызметі тарапынан немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен куәландырылады және мөрмен басылады.

            Конкурсқа қатысушы кандидат білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.

            Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

  1. конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  2. мектептің қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
  3. облыстың білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;
  4. білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Конкурстың бірінші кезеңінде білім беруді басқару органы комиссиясы үш

жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттарға сәйкес біліктілігін бағалауды жүргізеді.

Конкурстың екінші кезеңінде конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау

қорытындысы бойынша білім беруді басқару органының Комиссиясы екі жұмыс күн ішінде кандидаттарды Қамқоршылық кеңес отырысының өткізілу күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

            Қамқоршылық кеңес кандидатты хабардар еткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және бос лауазымға орналасуға кандидаттың қатысуымен отырыс өткізеді.

            Қамқоршылық кеңестің отырысына кандидат Мектепті дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.

Конкурсқа қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында, аудандық басылымдарда, білім бөлімінің сайтында конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекенжайға жіберілуі керек.

140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 27 үй, Баянауыл ауданы білім бөлімінің конкурстық комиссиясы. Анықтама телефондары: 91968, 91941.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz