banner1
banner2
banner3

«Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында аудандық семинар

    Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің базасында «Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында аудандық кітапханашылардың семинары өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығын арттыра отырып, туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру. Семинарға ауданымыздағы 26 мектеп кітапханашы қатысты. Семинарды мектеп кітапханашысы Б.С.Мұзафарова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.Т.Сексенбаева мен Г.А.Ахаева, музыка пәнінің мұғалімі Б.К.Қырықбаев, мектеп психологі Ш.Т.Садықова, әлеуметтік педагог Г.Ж.Нағымжанова, көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.Б.Масайнова ұйымдастырды. Мектеп директоры Қ.Н.Мұзафаров мектеп тынысы мен мектептің безендіру жұмыстары жөнінде ұсыныстар айтып өтті. Семинардың ашылуы салтанатында жеке кәсіпкер Жүнісбек Саяшұлы мектеп кітапханасына «Ә.Бөкейханұлының 15 томдық шығармалар» кітабын сыйға тарту жасады. Кітаптарды туысы К.Е.Дуашов мектептің кітапханасына табыс етті. Мектеп оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 10-сынып оқушысы Мерей Ауғали мектеп мұражайымен және «Латын әліпбиі-болашаққа қадам» тақырыбында слайдты таныстырды. Мектеп психологі Шынар Садықова аудан кітапханашыларына «Мейірімді сөздер», «Бес саусақ» тақырыбында тренинг ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастырды. Әр қатысушыға мінездеме жасады. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Күмісай Бабашқызы Масайнова әрбір қатысушы өз қолдарымен алқа жасауы тиіс. Бисермен алқаны безендірді. «Қонақ кәде, сый көрсету» шебер сағатын ұйымдастырды. Мектеп кітапханашысы «Жоғалған әріптер» әдістері арқылы кітапханашыларға тренинг ұйымдастырды. Мектеп директоры Қайриден Нұхыұлы «Саяхат аялдамасы» тақырыбында «Мұса Шорман» кесенесі мен «Мәдениет» үйінің мұражайына саяхат жасатты. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралармен таныстырып, тыңдаушыларға рухани азық берді. Қатысушылар семинардың өзекті тақырыбының маңыздылығы туралы пікір алды. Семинар өз мақсатына жетті. Семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz