banner1
banner2
banner3

«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» жас мамандардың педагогикалық байқауы

   

   Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық жас мамандардың педагогикалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Педагогикалық байқаудың мақсаты-педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

   Бұл байқауға Баянауыл ауданының мектептерінен 15 жас маман қатысты.

   Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған қатысушылар: номинация иегерлері: Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Е.Ділдәбек, Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің информатика және физика пәнінің мұғалімі Г.Сағындықова, №2 Майкайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып ұстазы А.Кәкім, Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі мұғалімі М.Бекболатқызы, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі А.Солтаналина, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Көкеш атанды. Қ. Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З.Сансызбай, Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі А.Тұрсынбек, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі П.Арғынбай III дәрежелі диплом иегерлері. Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенің бастауыш сынып мұғалімі Т.Қали, Ақши жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Сәттібай,, Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің аға тәлімгері М.Бекмағанбетова II орын иегерлері. Е. Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Айтан, Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Шәкен I орын иегерлері атанды.

   Байқаудан оза шауып, бас жүлде иеленген №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Дәулетбекқызы. Байқаудың соңында барлық қатысушыларға «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» педагогикалық байқауының Бас жүлде және номинация, І,ІІ,ІІ дәрежелі дипломдары мен сертификаттар табысталды.

   «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз»,- дегендей әр қатысушы үшін бұл байқаудың берері көп. Әр адамның тәжірибесімен танысып, сараптап ой бөлісу бүгінгі біздің қоғамда маңызы зор деп ойлаймын.

   Білім мен тәрбиенің ұштастырып кәсіби құзіреттіліктерін қалыптасырып, осындай үлкен байқауларға батылдықпен атсалысқан әріптестерімізге тек қана шығармашылық табыс тілейміз.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz