Жас ғалымдардың жетістігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11- сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Баянауыл ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, білім мен ғылымға құлшынысы артқан 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
«Физика» секциясы бойынша №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Ғабдуқалиев пен Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ақжарқын Әбілаш жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшілері: №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Ғабдулрашитқызы Рақымжанова мен Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұржан Дәулетбекұлы Тоқыш.
Облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 9-11-сынып оқушылары 2019 жылғы 11 желтоқсанда жалпы орта білім беру пәндерінен тестілеуге қатысады. Осы тестілеу қорытындысы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жобалар республикалық конкурсқа қатысу үшін алдын ала сараптамаға жіберіледі және 6 секция бойынша ең жоғары ұпай жинаған 12 оқушы республикалық кезеңге қатысатын болады.
Барлық қатысқан оқушылар мадақтамамен марапатталды. Талаптарыңа нұр жаусын жас ғалымдар!