«Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі-кәсіби қызметінің негізі» аудандық семинары
2019 жылғы 28 қараша күні Үшқұлын ауылында орналасқан «Майқайың кенті бөбектер бақшасы»мекемесіндегі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған «Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі-кәсіби қызметінің негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: оқу-тәрбие іс-әрекетінде және дидактикалық ойындарда қолданылатын, балалардың қол моторикасын, тіл байлығын және логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді фетр материалынан қолдан жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Семинарға Баянауыл ауданының шағын орталықтарының және балабақшалардың 25 тәрбиешілері, Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының бас маманы Нұрсағат Рахметуллаұлы Ермеков және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының әдіскері Гүлжанар Қабдылкәкімқызы Кәрімова қатысты.
Семинар тәжірибе түрінде өтті. Сенсорика және драма іс-әрекеті бойынша ашық көрсетілім сабақтары өткізілді. Жас бүлдіршіндер өздерінің шығармашылық таланттарын ортаға салды. Семинарға қатысушы педагогтер өз жұмыстарына байланысты көптеген пайдалы кеңестер мен ақпараттар алды.