banner1
banner2
banner3

Алғаш рет ауданымызда «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті

   

   З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті. Аталған шараға ауданымыздың 33 оқушысы қатысты. Байқаудың мақсаты: балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу.

   Байқауда қатысушыларды 5-8-сынып оқушылары және 9-11-сынып оқушылары деп екі топқа бөліп, Марабай жырау нұсқасындағы «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту бойынша жарысты.

   Аталған байқауға әділқазы ретінде ауданымыздың ардагер ұстазы Әубәкірова Ғалия Әубәкірқызы, аудандық «Баянтау» газетінің редакторы Еламан Хасенұлы Қабділәшім, білім бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен білім бөлімінің әдіскерлері Мәншүк Тынысқызы Шумақова, Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова, Гүлжанар Қабдыкәкімқызы Кәрімова төрешілік етті.

   Байқау қорытындысы бойынша 5-8-сынып оқушылары арасында ІІ жүлделі орынды Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 5-сынып оқушысы Жұмахан Айым мен Ақши жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Рахметолла Тоты иеленді. ІІІ жүлделі орынды Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Серік Мархабат, С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ғайбиран Қарақат пен Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 8-сынып оқушысы Сүлеева Назар иеленді.

   9-11-сынып оқушылары арасында Бас жүлдені М.Ж. Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мұратова Сымбат иеленсе, І жүлделі орынды №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Мүлік Әйгерім қаңжығасына байлады.

   Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Мамен Сүлеймен мен Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Дуан Елдара ІІ орын иегері атанды.

   ІІІ жүлделі орынды Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Тулешова Сәбина, Егіндібұлақ жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Қуан Ақбота мен Лекер жалпы негізгі білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Бағдәулет Алтыннұр иеленді.

   Барлық жүлдегерлер мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz