banner1
banner2
banner3

«Мұғалімнің инновациялық қызметі-сапалы білім беру» тақырыбында семинар

    С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Мұғалімнің инновациялық қызметі-сапалы білім беру» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін сабақ барысында қолдану және өз іс-тәжірибелерімен бөлісу. Семинарға аудан бойынша 45 мектеп мұғалімдері мен білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

   Ашық сабақтарды өткізген бастауыш сынып мұғалімі О.Хаваатай 1-сыныпта математика пәнінен «Бөліктер мен бүтін», бастауыш сынып мұғалімі И.О.Қасымова 4-сыныпта дүниетану пәнінен «Өлкеміздің жойылып бара жатқан өсімдіктері мен жануарлары», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.К. Байшүкір 10-сыныпта «Шашты» әңгімесі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.С. Өмірзақова 5-сыныпта «Промелькнувший метеор», физика пәнінің мұғалімі Ә.Ш. Жәкенова 7-сыныпта «Гидравликалық машиналар», «Қазақстан тарихы» пәнінің мұғалімі Б.Б.Ахметова 6-сыныпта «Ақ орда» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

   Сондай-ақ, мектеп тренерлері «Тілдің үш тұғыры» тақырыбында шеберлік сыныптарын және Б.Б.Ахметова «Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы оқу кепілі»тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Келген мұғалімдерге кері байланыс таратылып, пікірлері тыңдалды.

   Семинар соңында мектеп мұғалімдері мен білім бөлімінің әдіскерлері сөз алып, семинар қорытындысын жасады.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz