banner1
banner2
banner3

Болашақ жас ғалымдарымыз топ жарды

    Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының "Зерде" XV республикалық конкурс кезеңіне Баянауыл ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, білім мен ғылымға құлшынысы артқан 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

   «Робототехника» секциясы бойынша командалық жұмыста І-ші орынды Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы Айзере Тілеуғабыл мен 5-сынып оқушысы Нұралы Исабек иеленді.

   «Ағылшын тілі» секциясы бойынша Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Болат Еркежан жүлделі І орынмен марапатталды.

   Жетекшілері: М.Ж.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Асқар Хамзаұлы Аюпов, Қ.Кемеңгеров атындағы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зарина Маратқызы Сансызбай.

   Барлық қатысқан оқушылар мадақтамамен марапатталды. Талаптарыңызға нұр жаусын жас ғалымдар!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz