banner1
banner2
banner3

Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстары күшейтілуде

    Баянауыл ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес білім беру мекемелеріндегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен «Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындық» бойынша арнайы семинар өткізілді. Аталған семинарға ауданымыздың 24 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

   Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары бекіту туралы» туралы №509-шы бұйрығымен таныстырып, қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі мен ережелері бойынша арнайы бейнебаян көрсетті. Білім бөлімінің әдіскерлері Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина мен Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова орта білім беру ұйымдарында 9-сынып білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі туралы нұсқаулықпен және пәндер бойынша қорытынды аттестаттауға арналған сипаттамасымен таныстырды. Семинар соңында тақырып бойынша тапсырмалар берілді.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz