banner1
banner2
banner3

«Қашықтықтан жұмыс істеу форматы жағдайы» туралы онлайн кеңес

    2020 жылғы 23 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы онлайн режимінде аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне, мамандандырылған мектеп директорларының орынбасарларына, білім беру бөлімдерінің білім сапасы мәселелеріне жетекшілік ететін мамандарына, мектеп кітапханаларының жұмысына жетекшілік ететін мамандарына арналған кеңейтілген отырыс өткізді. Кеңес жұмысына облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ж.П. Карамбаев қатысты.

   Кеңеске қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында өңірдің білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Білім беру үрдісін әдістемелік сүйемелдеу туралы ББДИО басшысының орынбасары А.А. Смаилканова айтып берді. Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Н.Ж. Адамжанова мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Ш. Слямова жаңа режим жағдайында облыс мектептерінде ОТҮ ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

   Төртінші тоқсанда ТЖБ және БЖБ өткізуге дайындық туралы ББДИО орта білім беру бөлімінің басшысы Н.С. Жантурина айтып берді. Ол IV тоқсанда ТЖБ мен БЖБ ҚР БҒМ бекіткен бірыңғай әдістемелік ұсыныстарға сәйкес жүргізілетіндігін хабарлады. Кеңеске Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері ой бөлісті. Олар қатысушыларды 2019 жылға және 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған мемлекеттік бақылау шараларының қорытындыларымен таныстырып, қашықтықтан жұмыс істеу форматы жағдайында департаменттің қызметіне тоқталды.

   Сабақты (lesson study) зерттеу әдістемесін ендіру барысымен, оң нәтижелермен және мәселелерімен Успен ауданы және Павлодар қаласының мамандары инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау және диссеминациялау бойынша жұмыс жүйесімен бөлісті.

   Инновациялық орталығының басшысы А.А.Жакиенова кеңеске қатысушыларды Павлодар облысының Педагогтар қауымдастығының Ережесімен таныстырды.

   Кеңеске қатысқан мектеп кітапханаларының жұмысына жетекшілік ететін жауаптылар кітап қорының деректерін ҰББДҚ-на енгізу мәселесін талқылады.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz