banner1
banner2
banner3

Қайырымдылық - адамгершіліктің белгісі

    Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты ауданымыздың оқушылары мен ұстаздарының жаңа оқу жылында денсаулығын сақтау мақсатында білім беру мекемелеріне 21 дана жылжымалы бактерицидтік шамдар алу керек болды. Жолданған хаттан кейін, Баянауыл ауданының тумасы «Рахмет» шаруа қожалығының директоры Жасыбай Рахметұлы Нығманов ағалық, демеушілік жәрдем берді.

   Баянаула ауданының әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов, білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Мұхамадиярұлы Сеитов, мектеп ұстаздары, оқушылары және ата-аналары қауымы атынан Жасыбай Рахметұлына алғысымыз шексіз. Құрбан айт-ұлық мерекесі қарсаңында жасаған игі ісіңіз сауаптан және әрқашан еңбегіңіз бағалы, мерейіңіз үстем, денсаулығыңыз зор болсын. Ел игілігі үшін атқарып жатқан жұмысыңызға табыс тілейміз.

 

Нұрлан Мұхамадиярұлы Сеитов, Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz