Қ Баянауыл ауданы бойынша «Жол картасы -2020» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс барысы
«Жол картасы» бағдарламасы арқылы білім мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстары төмендегі мектептерде атқарылды.
Шадыра орта мектебі бойынша:
Жоба құны - 24,3 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Логотек KZ» ЖШС. Орындалған жұмыс: 98 терезеге ішкі жақтауларын істеу, 24 есік ішкі және сыртқа салыну керек, 2 қабатты тартудан кейін керамогранит төселді, терезелердің жақтаулары дайындалды, 1 қабатқа тұтастырғыш құйылды, керамогранит 2 қабаттың жартысына төселді. Жұмыс көлемі 100% ға жетті. Жұмыспен қамту орнынан 10 адам жоспарға сәйкес қабылданды.
Б. Хайдарова атындағы орта мектебі бойынша:
Жоба құны - 25,7 млн теңге. Мердігер «Логотек KZ» ЖШС. Жұмыспен қамту орталығы арқылы ауылдан 10 жұмыскер қабылдау жоспарланған, 5 жұмыскер қабылданды, 5 адам алынбады. Орындалған жұмыс бойынша 70 ішкі есік және 9 сыртқы темір есіктер салынды, Есіктің жақтаулары сыланып, эмульсиямен ақталды. Мектептің 136 терезелерін жаңа пластик терезеге ауыстырылды. 109 м2 еденге бетон құйылып және кафель жабыстырылды. Кіреберіске пластикалық витраж орнатылды. Орындалған жұмыстар актісін және қабылдау актісі күтілуде. Жұмыс көлемі 100% құрайды.
С. Торайғыров атындағы орта мектебі бойынша:
Жоба құны – 28,5 млн теңге. Мердігер «Логотек KZ» ЖШС. Орындалған жұмыстар: 63 терезе, спорт зал, акт залдың сыртқы төбесі 100 %, ішкі жұмыстары 100 % және мектеп төбесі пішінді қаңылтырмен 100 % жабылды. Жасалмаған жұмыс: Спорт залдың едені жасалынуда. Жұмыс көлемі: 98%-ды құрайды. Жұмыспен қамту орталығынан 10 адам алу жоспарланған, 7 адам алынды, 3 адам алынбады. 29 шілде 1-15/400 27.07.2020 күнгі шығыс нөмірімен сотқа берілді.
М.Көпеев атындағы орта мектебі бойынша:
Жоба құны – 24,1 млн теңге. Мердігер «ДЭП» ЖШС. Жұмыспен қамту орталығынан 10 адам жұмысқа қабылданды. Бүгінгі күнде жұмыс толық аяқталды, оның ішінде: 2766 секция орнатылды, 1-2 қабат құбыры боялды. Жұмыс көлемі 100%-ды құрап отыр.
19 мектепке әжетхана орнату бойынша:
Жоба құны – 18,0 млн теңге. Мердігер «Мукатов Мирас Айтбаевич» ЖК. Жұмыспен қамту орталығынан 18 адам жұмысқа қабылдады. 19 мектептің жұмысы аяқталды (Б.Хайдаров, К.Кемеңгеров, Ж.Ағаділов, С.Торайғыров, Д.Рахметов, Ақши, Қаражар, Егіндібұлақ, Ә.Марғұлан, Шадыра, Үшқұлын, Жайма, Ж.Аймауытов, Е.Бекмаханов, Шөптікөл, Қ.Сәтбаев, Сұлужон, М.Көпеев, Лекер). Жұмыс көлемі: 100% құрайды.