Мейірімі мен қамқорлығын аямаған жандар
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Қазақстанда 2010 жылдан бастап 29 қазан күні «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтеді. Аталған іс-шараларға барлық жалпы орта білім беру мектептері қатысады.
Аталған іс-шараның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, әлеуметтік жетімдікті болдырмауға жұртшылықты тарту.
Әлеуметтік желілер арқылы «Қамқоршы күні» мерекесіне төмендей іс-шараларды концерттік бағдарламаны, құттықтауларды, отбасылық фотогалереяларды, спорттық жарыстарды, мақала жариялауды, мүшәйра (өлең шығаруды) қашықтықтан өткізді.
Баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, бөтен балалар мен бөтен қайғыны жатсынбайтын адамдарды құрметтеу, алғыс білдіру болып табылады. Сонымен қатар, қорғаншылар өздерінің қамқоршыларын тәрбиелеуде жалғыз емес екендігіне сеніммен қарау. Қамқоршы күнінде қорғаншылар мен қамқоршыларды мектеп әкімшілігі сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады.