banner1
banner2
banner3

«Республикалық үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы

    2020 жылғы 20 қазан күні «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы онлайн өтті.

   Байқаудың мақсаты таңдалған пәндер бойынша оқу тәртібі, элективтік, арнайы курстарға, курстарға байланысты авторлық бағдарлама әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

   Байқауға педагогикалық тәжірибелері 5 жылдан кем емес, жұмыстары облыстық іріктеу кезеңінен өткен барлық типті және түрлі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.

   Баянауыл ауданы бойынша бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша №2 Майқайың ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Юрьевна Коваль, эстетикалық бағыттағы пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық) бағыты бойынша Зейтін Ақышев атындағы ЖОББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова, сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік жұмыс (үйірмелер, секциялар) бағыты бойынша Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахимтаев 3 авторлық жұмыс ұсынылды.

   Байқаудың материалдарды қорғау қорытындылары бойынша Зейтін Ақышев атындағы ЖОББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын!

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz