banner1
banner2
banner3

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» сайысының жеңімпазы

    Павлодар облысындағы «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығы 2020 жылдың 30 қазанынан 27 қарашасына дейін «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» облыстық сайысын өткізді. Сайыс жалпы білім беретін мектептердің физика пәнінің мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған.

   Сайыстың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің шығармашылықпен жұмыс істейтін физика мұғалімдерін анықтау, орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде физиканы оқытудағы педагогикалық идеяларды іздеу, оларды қолдау және көтермелеу.

   Байқаудың сырттай турында 02 қарашадан 20 қарашаға дейін қазылар алқасы басым бағыттар бойынша ұсынылған облыс педагогтерінің 36 жұмысын қарады. Жұмыстың тәжірибелік құндылығы, өзектілігі және логикалық аяқталуы, нәтижелілігі критерийлеріне сәйкестігін қарады. Күндізгі турға қатысуға 12 жұмыс жіберілді.

   Баянауыл ауданынан Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Аслан Қабдырахимұлы Қасенов сырттай турдың жеңімпаздары және күндізгі турға қатысуға жіберілді.

   27 қарашада сайыстың күндізгі турын «Zoom» платформасында өткізілді. Қашықтықтан қорғау қорытындысы бойынша Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Аслан Қабдырахимұлы Қасенов III дәрежелі дипломмен марапатталды.

   «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнінен үздік оқу-әдістемелік басылым» облыстық сайысының өңірлік кезеңінің жеңімпазын құттықтаймыз.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz