«Жалпы орта білім беру аясында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында өткен аудандық семинар
2021 жылғы 3 ақпан күні Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің тренерлері, 24 жыл еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші биология пәнінің мұғалімі Алтынай Женісқызы Ахметова, 15 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Берікқызы Балғабаева «Жалпы орта білім беру аясында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар өткізді.
Семинар барысында жалпы «Инклюзия» термині, «Инклюзивті білім беру» мәселелері, нормативтік құжаттар туралы, заман талабына сай білім беру үрдісінде оқытуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларға жалпы орта білім беру деңгейінде оқу мақсатына жетелейтін табысты оқыту ортасын құру туралы сөз етілді. Сабақ барысында пән мұғалімдері оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру ерекшеліктері, кері байланыс ұсыну, тоқсандық, бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру мәселелері талқыланды. Аудан көлеміндегі педагогтер көтерілген тақырып төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.