banner1
banner2
banner3

«Оқуға құштар мектеп»

 

   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 21 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысындағы тапсырмасы бойынша республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталды. Аталған жобаға байланысты Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы арнайы жоба әзірлеген болатын.

   Абай атамыз «Артық ғылым кітапта – ерінбе оқып көруге» деген еді. Осы сөзді негізге алатын болсақ, қазіргі уақытта кітап оқудың маңызы ерекше, міндеті жоғары.

   Қазақстанда білім беру және ғылымды дамыту бойынша жүйелік іс-шаралардың кешені жүзеге асырылуда. PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерінің білім беру сапасының деңгейін өлшеу үдерісіндегі бағыттардың бірі – оқу сауаттылығы болып табылады.

   Оқу сауаттылығы білім алушының өз мақсаттарына қол жеткізу үшін жазбаша мәтіндерді түсіну, пайдалану, ой елегінен өткізу және олармен жұмыс істеу, өз білімі мен әлеуетін дамыту, сондай-ақ қоғам өміріне қатысу ретінде айқындалған.

   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 21 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында қазақстандық мектеп оқушыларының оқу сауаттылығының төмендігін атап өтті: «Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін бағыттаушы болуы керек».

   Ғылыми зерттеулер деректері адамның кітапқа деген көзқарасы мектеп жасында қалыптасатындығын көрсетеді. Бүгінгі таңда мектеп баланың жадын дамытудан оның ойлау қабілетін дамытуға бағытталған, кітаптың рөлі күнен-күнге артып келеді.

   Қазіргі әлемде адам өмір бойы оқуға мәжбүр. Өздігінен білім алу шарттарының бірі негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуы болып табылады. Негізгі құзыреттіліктер тізіміндегі басты орынды оқу құзыреттілігі алады. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығының төмендеуі, әдебиетке және оқуға деген қызығушылық қажеттілігі, мектеп бағдарламасына байланысты әдебиеттерді оқумен шектелетін білім алушылар санының жоғарылауы – басты мәселе болып саналады.

   Осы орайда жобаның мақсаты – білім алушылардың оқу сауаттылығы деңгейін және оқуға қызығушылықтарын жоғарылату. Жоба міндеттері – оқу қажеттілігін және оқуға деген қызығушылықты дамыту, оқу құзыреттілігін дамыту, оқу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, отбасылық оқу дәстүрін жаңғыртуға баулу.

   Аталған жобаны жүзеге асыру арқылы бірнеше нәтижеге қол жеткізуге болады. Білім алушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығы, зияткерлік деңгейлерін дамыту. Білім алушылар оқуды білім алуды және өздігінен білім алуды, көкейкесті және перспективалы оқу шеңберін саналы жоспарлауды жалғастыру сияқты өздерінің алдағы жоспарларын жүзеге асыру құралы ретінде меңгереді. Осы дүниеде әлемді және өзіңді тану арқылы жүйелі оқу қажеттілігі қалыптасады. Оқушылардың оқырмандық дамуында мектептің ата-аналармен қызметтестігін нығайту, ата-аналардың осы жобаны іске асыруға белсенді қатысуы аса маңызды. Осы жобаны жүзеге асыру үшін мектеп ұжымы бірге іске кірісуі қажет.

   Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 3 жыл. Жобаны жүргізуге мектеп әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілер, кітапханашылар, оқушылар, ата-аналар атсалысады. Баянауыл ауданы бойынша жобаға барлық 26 жалпы орта, негізгі, бастауыш мектептері қатысады. Бектілген жоспарларына сәйкес іс-шараларды ұйымдастырады.

   Жобаның қорытынды жұмыстары сауалнама нәтижелері бойынша «Оқу сауаттылығы деңгейінің динамикасын талдау» аналитикалық анықтамасы, «Кабинеттердегі кітап бұрышы», «Кітаптар сыйла», «Бір отбасы-бір кітап», «Сабақтар панорамасы» жұмыс тәжірибесі бойынша материалдар, «Сыныптан тыс жұмыстар бойынша іс-шаралар кейсі», «Оқитын отбасы-оқитын ұлт» ата-аналар қоғамымен ашық іс-шаралар циклі, білім алушылардың оқу сауаттылығы және оқуға қызығушылық деңгейін жетілдіруге байланысты әдістемелік іс-шаралар мен ұсынымдар болады.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz