8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше білімді қажет ететін және қамқоршылықтағы оқушылардың әжелеріне, аналарына, апаларына,тәтелеріне аудан әкімі сыйлықтар үлестірді
Баянауыл ауданының әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай ерекше білімді қажет ететін және қамқоршылықтағы оқушылардың әжелеріне, аналарына, апаларына, тәтелеріне сыйлықтар сыйлады.
Алғашқылардың бірі болып, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Жәния Мәкеннің әжесі Орынтай Мәкенова, 6-сынып оқушысы Әлім Қабдуланың анасы Гауһар Асқарова, 8-сынып оқушысы Гүлмарал Бәкібайдың қамқоршы тәтесі Гауһар Айтимбетова және №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Екатерина Портье мен 9-сынып оқушысы Роман Портьенің қамқоршы анасы Галина Николаевна Яковина, 11-сынып оқушысы Айша Хамзаева, 8-сынып оқушысы Шаимжамал Хамзаева, 4-сынып оқушысы Жасұлан Хамзаевтің қамқоршы апасы Әйгерім Қожахметова сыйлықтарын алды. Жалпы аудан бойынша 67 оқушының аналары сыйлыққа ие болады.
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні баршаңызға қайырлы, құтты болсын! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп-өркендей беруін тілейміз. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін! Жылдың әр күні Сіздерге және жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін.