banner1
banner2
banner3

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

   Жаңартылған білім мазмұнының ғылыми-әдістемелік негіздеріне алынған дамыта оқыту идеясы, болжап оқыту, даралап-деңгейлеп оқыту идеялары бүгінгі таңдағы педагогтан зор білімді, үлкен жауапкершілікті, қажырлы еңбекті, шағырмашылық белсенділікті, ой ұшқырлығын, ізденушілік қабілетті талап етеді.

   Жаңа ғасырдағы адамды тәрбиелеу, әлемдегі білім беру деңгейіне, өркениетке көтерілу оңай шаруа емес. Тәрбиеші еңбегі баланың жан-жақты дамуымен өлшенеді.

   Ендеше, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тәрбиешісі Сұңқар Борог – жан-жақты білімді, ол өз бойындағы білімді балалардың жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетін, әдіскерлік икемділігі баланың психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал тәрбиеші. Әрбір тәрбиешінің бойында өз ісіне деген, балаларға деген сүйіспеншілік болуы қажет. Олай болса, Сұңқар білім беру мен білім бере отырып тәрбие беруді қатар ұстанатын тәрбиеші. Үлкен құрмет пен зор беделге жету оңай емес. Ол жылдар бойы жинақталады. Сондықтан да Сұңқардың бойында төзімділік, сабырлылық, байсалдылық сияқты аса қажетті қасиеттерді көруге болады. Осы талаптарды әрбір тәрбиеші ұстаз тұрақты ұстанып, басшылыққа алып отырса, тәрбиешінің күш-қуаты, көңіл-күйі әрдайым жоғары, еңбегі жемісті және балаларына сенімі зор болады.

   Биылғы оқу жылынан бастап Сұңқар мектепалды даярлық сыныбында «Алматыкітап» баспасының «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізу үстінде көп жұмыстар атқарды. Бүгінгі күнге дейін бірнеше рет әліппе пәні бойынша тәжірибе алмасу сабақтарын, сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.

   Әліппе оқулығы мен ОӘҚ апробациядан өткізудің педагогикалық тиімділігін бағалау бойынша педагог күнделігі мен оқулық пен ОӘҚ мазмұнын бағалау күнделігін әрбір сабаққа толтырып отырады.

   Қорытындылай келе, тәрбиеленушінің шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, Сұңқар ұйымдастыруда жаңа белсенді технологияларды пайдалана отырып, әр іс-шараны және сабақтарын ұтымды да тиімді, оқушылардың көңілінен шығатындай етіп ұйымдастырады. Тәрбиеленушілерінің бойынан ұқыптылықты, мәдениеттілікті, креативтілікті, жеке тұлғаны, имандылықты, адамгершілікті, дарындылықты т.б қасиеттерді көре аламыз. Тәрбиеленушілер - кішіпейіл, патриот. Өседі, талпынады, қойған мақсатқа жетеді. «Бала жүрегі кішкене күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында сол кілт әрдайым болу керек»,- деп М.Шахановтың сөзімен аяқтағым келіп отыр.

 

 

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Д.Хакимова

 

1

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz