banner1
banner2
banner3

«Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтті.

    Баянауыл ауданына қарасты жалпы орта,негізгі білім беру мектептерде 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны арналған іс-шаралар арнайы жоспарға сәйкес аталып өтті.

   Науқанның мақсаты-қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады. Науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»ұранымен өткізілді.

   Аудан бойынша аталған іс-шараларға мектеп жанындағы лагердегі оқушылар қатысты. Науқанның басталуы туралы ата-аналар мен мұғалімдерге, оқушыларға «Назар салайық! » тақырбында жадынама таратылды. «Zoom» платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар қауымдастығымен түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Науқан барысында «Бала еңбегін қанауды алдын алу», «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында бейнематериалдар әлеуметтік желіге жүктеліп, таратылды. «Көше» рейдтік іс-шарасы бойынша тәртіпбұзушылықтар тіркелген жоқ. Сауықтыру алаңының қатысушылары арасында «Бала деген бір бақыт» тақырыбы бойынша алақанмен сурет салу сайыстары ұйымдастырылды.

   Науқанға барлық пән мұғалімдері ерекше ат салысты. Мектеп оқушыларымен «Біз бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» тақырыбында дөңгелек үстел басында танымдық сабақ өткізілді. Мектеп психологтері «Мен өмірді сүйемін»атты психологиялық треннинг өткізді.

   Мектеп кітапханашылары мектеп кітапханасында «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» тақырыбында көрме ұйымдастырып, 1-10 сынып оқушыларына таныстырды. Іс-шара барысында 1-7 сынып оқушыларымен «Біз бақытты баламыз» тақырыбында көңілді старт өткізілді. Барлық іс-шараларға жалпы 3890 оқушы қатысты.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz