banner1
banner2
banner3

IX Махамбет оқулары

   Дауылпаз ақын Махамбеттің күй-термелерін кеңінен насихаттау, жас ұрпақты ақын мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру, ұлтжандылыққа, елсүйгіштікке тәрбиелеу, дарынды жастарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында 13 наурыз күні Ж.Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде “Махамбет оқулары” өткізілді.

   Аудандық Махамбет оқулары үш бөлім бойынша өткізілді:

«Ел құтқарар ер едім…» тақырыбында Махамбет шығармаларын жатқа оқу сайысы.

«Ұлы арман»тақырыбында Махамбеттің күйлерін, өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың сайысы.

«Тартынбай сөйлер асылым…» тақырыбында қатысушылар ақынға арнаған өз шығармаларын орындау сайысы.

   Байқауға аудан бойынша 17 мектептен 5-11сынып арасынан 37 оқушы қатысып бақтарын сынады. Аудандық Махамбет оқуларында «Ел құтқарар ер едім…» – Махамбет шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы бойынша бас жүлдені Шадыра МБОТК 10- сынып оқушысы Қанат Жарас иеленді. «Ұлы арман» – Махамбеттің күйлерін, өлеңдеріне шығарылған әндерді орындаушылардың сайысы бойынша бас жүлдені Ж.Ағаділов атындағы ЖОББМ 5-сынып оқушысы Түскен Әли иеленді. «Тартынбай сөйлер асылым…» – ақынға арнаған өз шығармалары бойынша бас жүлдені Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы Алданыш Шолпан иеленді.

   Байқау көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жүлдегерлер дипломмен және номинациямен марапатталды.

 

1

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz