«Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл заңнамасының қалыптасуына 20 жыл» толуына орай «Жемқорлыққа жол жоқ» атты бірыңғай сынып сағаты
2018 жылғы 14 наурыз күні Баянауыл ауданындағы 24 жалпы орта білім беру мектептері бойынша 9-11-сыныптарда «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл Заңнамасының қалыптасуына 20 жыл» толуына орай сынып сағаттары өткізілді. Аудан бойынша барлығы 1215 оқушы қатысты.
Сынып сағатының мақсаты оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» сөздерінің мағынасын түсіндіру, жауапкершілікке тәрбиелеу, тұрақты позиция бойынша сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Сынып сағаттары «Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл» Заңнамасының қалыптасуы туралы баяндама, «Рухани жаңғыру-жемқорлыққа жол жоқ» бейнежазбасы көрсетілді. «Академиялық дау-дамай» әдісі бойынша оқушылар арасында пікірталас, сурет байқауы, карикатураны қорғау, «Интервью» әдісі, «Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады?» сұрақ-жауап, топтарға жағдаят шешу тапсырмалары берілді. «Ыстық орындық» әдісі бойынша «Біз жемқорлыққа қарсымыз» оқушылар эссе жазды.
Қорытынды бөлімде «Май шам» ұсынылды. Яғни, қоштасуға май шамды алған себебі, жарық әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек айтылды. Осы май шам арқылы оқушылар бір-бірлеріне жылы сөз айтып шамды беріп отырды. «Біз жемқорлыққа жол бермейміз»-деген ұранмен сабақтар мәресіне жетті.